Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ecosana Fest» шарасы өтті

Наурыз мерекесінің онкүндігі бойынша бүгін, 18 наурыз — «Игі істер» күні.


Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын.

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ecosana Fest» шарасы өткізілді. Оған табиғат жанашырлары, құрметті азаматтар мен белсенді жастар қатысты.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлім етті.

Алдағы уақытта егілген көшеттерге QR-код орнатылып, ағаш туралы және оны кім еккендігі туралы ақпарат берілетін болады. Бұл Смарт ағаштың ерекшелігі, өз иесіне айына бір рет хабарлама жіберіліп, суару керек екендігі ескертіледі.

Игі іс-шараның жалғасы «Арбат» демалыс аймағындағы көрмеге ұласты. Шараға Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің және №89 IT мектебінің оқушылары және Экологиялық орталықтың мамандары қатысты. 

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.