Шымкент: Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда

Шымкентте Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғ.Мәуленқұлов бастаған арнайы топ Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.

Жол-құрылысының (А-2 жолынан М-32 жол айрығына дейін) ұзындығы — 7,6 шақырым, ені — 43 метр.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби көшесіне қосылатын учаскеде 900 метр жолдың жер жұмыстары атқарылуда.

Жоба құрылысы 2017-2021 жылдар аралығына жоспарланған болатын. Мердігер- «Отау-Строй» ЖШС.

Қазіргі таңда 6,7 шақырым жол жамылғысы, ирригация жүйесі мен аяқжолдар салынды.

Бүгінде 14 жер телімі құрылыс жұмыстарына кедергі келтіруде. Сол себепті жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Айта кетсек, 2021 жылы қалада жалпы 128 нысан немесе 253,1 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның 120 нысаны немесе 226,3 шақырымы биыл пайдалануға беріледі. 8 нысан немесе 26,8 шақырым жол келесі жылдарға өтпелі нысандар.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.