Шымкент әкімі дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін қатаң бақылауға алды

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


 Тексеру кезінде «НПО ЗЕРДЕ» ЖШС, «АҚ НИЕТ» ЖШС, «Аптека №5», «ATAMIRAS.S» ЖШС көтерме қоймаларына барған әкім жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және жинақтау бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді.

Өткен жылы коронавируспен күреске қолданылатын дәрілерге бюджеттен 180 млн теңге бөлінді. Биыл тағы 659 млн теңге көлемінде тұрақтандыру қорына қаржы бөлінбек. Осы жұмыстар нәтижесінде дәріханалардағы дәрі бағасы 15-30 пайыз төмендеген болатын.

Бүгінгі таңда Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Дәріханалар мен емханаларда 4 млн 144 мың дана дәрілік заттар бар. Оның ішінде ыстық түсіретін, антибиотиктер, глюканаттар секілді вирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек түрі кездеседі. Бағалары 25 теңгеден басталады.

Медициналық ұйымдарда 900 млн теңгеге дәрі-дәрмек қоры, 46 941 ЖҚҚ жиынтықтары, 2 миллион медициналық бетперде, 1 014 600 медициналық қолғап дайындалды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.