Шымкент: Өткен тәулікте Сovid-19 жұқтыру жағдайы тіркелмеді

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық басқармасы хабарлайды.


Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді.

Бүгінде провизорлық станционардағы төсек орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласыда бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5155 фактісітіркелді. Оның ішінде 2627-сі – симптомды, 2528-сі – симптомсыз жағдай. Ал 4330 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Еске сала кетейік, қалада медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Яғни, бөлшек дәріханаларында дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті. Атап айтсақ, 120 600 қорапта ыстықты түсіретін және 175 000 қорапта вирусқа қарсы препараттар бар. Сондай-ақ, 1 982 000 антибиотиктер, 24 860 қорапта антикогулянттар және 730 000 қорапта «С» витамині бар.

«ANYQ.KZ»ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.