
Өткен тәулікте қалада Covid-19 инфекциясын жұқтырған 35 жағдай тіркелді.
Оның 27-сі симптоммен, 8-і – симптомсыз. Ал кешегі күні 50 адам емделіп шықты. Сондай-ақ, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 561 науқас ем қабылдап жатыр.
Шымкент қаласында «Спутник V» және QAZVAC вакциналары бойынша 38 бекетте егілуде. Вакцинаның 1-компоненттен 83 908 адамға, 2-компоненттен 9 083 адамға (соның ішінде 11 539 – медицина қызметкер, мұғалімдер – 17 367, құқық қорғау қызметкерлер – 7 166, созылмалы аурулары бар азаматтар – 5 099, студенттер – 2 595, басқалар – 40 142) салынды.
Қазіргі уақытта 101 мобильді бригада жұмыс істейді және үйде 71 885 пациентке (тәулігіне 270) қызмет көрсетілді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «сары» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілгенін білдірмейді. Яғни, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
873134 355944I entirely agree with you about this matter. Good post. Already bookmarked for future reference. 278351
999776 388263The vacation trades offered are evaluated a variety of within the chosen and merely great value all around the world. Those hostels are normally based towards households which you will find accented via charming shores promoting crystal-clear fishing holes, concurrent of ones Ocean. Hotels Discounts 892685