Шымкент: Өткен тәулікте 766 адам вакцина алды

Шымкент қаласында өткен тәулікте 766 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды: I компонент – 324, II компонент – 442.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Егу науқаны басталғалы барлығы 174 407 адам вакциналанды. Оның ішінде 80 700 адам вакцинаның екі компонентін алған.

30 мамыр күні КВИ-дің 39 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 23, белгілері жоқ — 16). 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 37 %, 879 төсек-орын бос.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 30 мамыр күні 176 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып отыр. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.