Шымкент: 2 маусымнан бастап автовокзалдар мен автобекеттер жұмысын бастайды

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті.


Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың мәліметінше, 2 маусымнан бастап автовокзалдар мен автобекеттер жұмысын қайта бастайды. Ал кинотеатрлар 15 маусымнан бастап жұмыстарына кіріседі.

Бұдан бөлек, брифингте қала аумағындағы барлық топтағы нысандар жұмысын таңертеңгі сағат 6:00-21:00 аралығындағы режимде жалғастыра алатыны белгілі болды. Саябақтар мен скверлер, алаңдар мен жағалауларда бетперделік режим сақтала отырып, шектеусіз режимге көшеді. Осы ретте барлық іске қосылатын кәсіпкерлік нысандар күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық тәртіппен жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.

Баспасөз мәжілісінде балабақша жайы да сөз болды. Бұл мәселеге М.Исахов рұқсат берілгенін жеткізіп, бірақ баланың ата-анасы тарапынан жұмыс істейтіні туралы анықтама керек екенін айтты.

Брифинг барысында Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек екенін тілге тиек етсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік коорпорациясы» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков қала тұрғындары ХҚКО-дан қызмет алу барысында онлайн брондау жүйесін қолдануға шақырды. Бұл ретте халық, ең алдымен, өз уақытын үнемдейтінін жеткізді.

Брифинг соңында өзге де сұрақтар қойылып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауап берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.