Шымкентте диспансерлік есепте тұрғындар саны 4 пайызға төмендеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.
Елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өңірлердегі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Үкімет отырысында кеңінен айтылды.
Шымкент қаласында бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету көрсеткішінің жоғарылауын диспансерлік есепте тұратын науқастар санының төмендеуімен айтуға болады. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда диспансерлік есепте тұратын науқастар саны 4 %-ға төмендеген.
Үкімет отырысында айтылған тағы бір маңызды ақпарлардың бірі — амбулаторлық деңгейде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 %-ға өсіп отыр.
Сонымен бірге, ауруды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізілуде. 2019 жылы 343 074 тексеру жоспарланып, олар 100 % орындалды. Ал, 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтардың 97 пайызы скринингтік тексерулерден өткен.
«ANYQ.KZ-ақпарат»