Шымкент: 2021 жылы 42,5 млрд теңгеге 112 нысанның құрылысы жоспарланған

Шымкент: 97,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов 2021 жылы І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша нәтижелерді баяндады. 


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 2021 жылы бюджет есебінен жалпы 42,5 млрд теңгеге 112 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде; тұрғын үй — 57 нысан (79 үй, 4832 пәтер, 281,1 мың шаршы метр), инженерлік инфрақұрылым нысандары – 15, білім беру – 11, абаттандыру нысаны – 2, мәдениет –2, төтенше жағдай – 1, спорт – 2 нысан. Аталған жобалар бойынша І тоқсанда игерілген қаржы көлемі – 4,6 млрд. теңге.

2021 жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Үш айдың есебі бойынша нақты пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы – 97,6 мың шаршы метр. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үй – 82,9 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй (ИЖС) – 14,7 мың шаршы метр. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.