Шымкент: 21 748 азаматқа коронавируске қарсы вакцина салынды

Шымкент қаласында бүгінге дейін 21 748 азаматқа коронавируске қарсы вакцина салынды.


Емханалардағы екпе егу пунктерінің жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-ге дейін ұзартылып, демалыс күндері де өз еркімен келісім берген азаматтарға вакцинация жүргізілуде.

Әзірге қазақстандықтарға ресейлік «Спутник-V» вакцинасы салынып жатыр. Отандық вакцина сәуірдің соңында дайын болады.

Вакцина салдырғандардың ішінде түрлі сала қызметкерлері бар. Екпені ерікті түрде салдырғандардың бірі – белгілі гимнастшы Әлия Юсупова.

— 9 сәуір күні екпенің 1-кезеңін салдырттым, 2-ші кезеңі 30 сәуірде деп жоспарлануда. Мойындау керек, екпе салдырмас бұрын қорқыныш болды. Бірақ бапкер ретінде екпенің маңызы бар екенін түсіндім. Себебі спортық жарыстарда көп жерге барасың. Екпе салдыру — жеке басыма ғана емес, отбасыма, әріптестеріме, достарыма және өзіме деген денсаулығымның қауіпсіздіктің алдын алу, — деді Әлия Мақсұтқызы.

Сондай-ақ, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының драматургы Сая Қасымбек коронавирусқа қарсы екпе салдырғандын айтты.

— Біздің Жұмат Шанин театры кестеге сәйкес, қалалық 3-емханаға салдыртты. Өзім ең бірінші кіріп, вакцина салдырттым. Әзірге жағдайым қалыпты. Сақтансақ, сақтайды дейді ғой, бар пәленің алдын алу үшін екпе салдырған дұрыс. Өйткені сан ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатыр. Ендігі 2-ші кезеңі мамыр айының басында деп жоспарлануда. Сондықтан көңіл күйім әзірге жаман емес, — деді Сая Қасымбек.

Айта кетейік, қазір қалада 38 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұған қоса арнайы мекемелерде жылжымалы егу пуктерінің жұмысы ұйымдастырылып, медицина мамандары ерікті түрде азаматтарға вакцина салуда. Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Асқынулар мен басқа да жағдайлар тіркелмеген. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.