Шымкентте 415 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда.
Шаһарда 415 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды: кәсіпкерлік нысан – 383, жеке нысан – 32.
Сонымен қатар, 04 сәуір күні КВИ-дің 48 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 37, белгілері жоқ – 11). 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 23 адам үй бақылауына алынды.
Бүгінде мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 560, Атамекен клиникасы –500, «14 емдеу орталығы» – 320 орын). Төсек-орын толымдығы 26 %, 1018 төсек-орын бос.
Инфекциялық стационарда 362 науқас емделуде (3 ИВЛ, 11 НИВЛ).
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 318 838, тәулігіне 1425-ті құрайды.
«ANYQ.KZ-ақпарат»