Шымкент қаласында бүгінде 6 шағынауданда ішкі ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Атап айтқанда, Тұран шағынауданында ауызсу жүйесінің құрылысына 2021 жылға 378,2 млн теңге қаралған. Ауызсу құбырының жалпы ұзындығы – 59,8 шақырым. Қазіргі таңда 51,4 шақырым (86 пайыз) жұмыстар орындалды. Нысанды аяқтау мерзімі – 2021 жылдың 3- тоқсаны.
Асар-2 шағынауданындағы ауызсу құбырының жалпы ұзындығы – 156,1 шақырым. Бүгінде 64 шақырым бойынша жұмыстар аяқталған.
Сонымен қатар, Солтүстік саяжай шағынауданында ауызсу құбырының 88,2 шақырым бойынша жұмыстары орындалды. Екі нысанды да биыл төртінші тоқсанда ел игілігіне беру жоспарда.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында магистралды су жүйесіне қосу шаралары жүргізілуде.
Былтыр Абай ауданы аумағындағы 8 елдімекенді сапалы ауызсумен қамту жоспарланған. Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлының айтуынша, аталған елдімекендердің құрылыс жұмыстарына 8,4 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен 2020-2021 жылдарға қаржы бөлінген.
Бүгінде шаһарда 69 елді мекен тәулік бойы, 5 елді мекен – кестемен, 7 елдімекен тасымалды сумен қамтамасыз етілген.
«ANYQ.KZ» — ақпарат