
Шымкент қаласында оқырмандар арасында балалар әдебиетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған екі күндік «Farabi offline: ПарақTIMES» кітап жәрмеңкесі аяқталды.
Аталған шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларынан «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедиясы», «Фолиант», «Книжный клуб», «Қызмет», «Qasym», «Отбасы хрестоматиясы», «Steppo&World», «Самға», «Шың-кітап» баспасы, «Qazyna» кітап үйі және Шымкент қаласының ірі 5 кітапханасы мен «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі сынды 18 мекеме қатысты.
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен және Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шарада ақын-жазушылармен кездесу, кітап кейіпкерлерінің шеруі өткізілді. Сонымен қатар, жәрмеңкеде жаңадан ашылған «Отбасылық» кітапхананың таныстырылымы өтті.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласынан ақын, журналист Серікбол Хасан, Алматы қаласынан балалар жазушысы, ақын Саят Қамшыгер келді. Балалар әдебиеті мен кітап басу ісіне қатысты тұшымды ойларымен, керекті кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, журналист-жазушы Күлия Айдарбекова, драматург Сая Қасымбек, ақын Гүлнар Өмірбек, балалар жазушысы Дәркен Танабай, жас жазушы Абылай Есімбай, ақын Бекмұрат Анарбай оқырмандармен ашық диалог құрып, кездесулер өткізді.
Әдемі ән, сырлы сұхбат, балаларға базарлық та осы көрмеде болды. Жәрмеңкені қыздырып, сапалы кітаптарын оқырманға ұсынған кітапханалар мен баспа үйлерінің еңбегі ескеріліп Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Алдағы уақытта бұл жобаны дәстүрге айналдыру жоспарда бар.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
216296 712976Some genuinely nice and helpful information on this site , besides I think the style contains fantastic capabilities. 647601
460635 580584The when I just read a blog, Im hoping that this doesnt disappoint me approximately this one. Get real, Yes, it was my method to read, but When i thought youd have something fascinating to state. All I hear is actually a number of whining about something which you could fix need to you werent too busy trying to find attention. 122486
445724 796789Really excellent publish, thanks a good deal for sharing. Do you happen to have an RSS feed I can subscribe to? 334377
302392 468759Intending start up a enterprise around the web involves revealing marketing plus items not only to females locally, but somehow to several buyers who are web-based as a rule. e-learning 956191