Мәжіліс депутаттары Сарыағаштағы кәсіпорындарды аралады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Сарыағаш ауданына іссапармен келді. 5 қаңтардан бері өңірді аралап, сайлаушылармен жүздескен халық қалаулылары бұл жолы екі топқа бөлініп, халық тығыз орналасқан ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Ержан, Уәлихан Қайназаров және Мұхтар Ерман Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылындағы «Агротур» шаруа қожалығында болды. 2018 жылы құрылған шаруа қожалығында түркиялық технология қолданылады. Мұнда түрлі көкөністердің көшеттері өсіріледі. Дән себу жұмысы автоматтандырылған. Шаруа қожалығының басшысы Тұрсын Тасходжаевтың айтуынша, өңірдегі жылыжайлар осында көкөніске алдын-ала тапсырыс береді. 10 адам жұмыспен қамтылған бұл жылыжайда қызанақ та өсіріледі.

Шаруа қожалығының жұмысын жоғары бағалаған депутаттар Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты. Осында кәсіпкерлермен жүздескен заң шығарушы орган өкілдері жуырда қолданысқа енгізілген заңдар еліміздің дамуына оң серпін беретінін жеткізді. Ұстаздардың мәртебесін көтеру, көпбалалы отбасыларға жаңа форматта тұрақты жәрдемақы беру, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру ережелері жақсара түскенін, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы міндеттер нақты жүзеге аса бастағанын мәлімдеді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жұмысы басталғаны, партияның «Ауыл – ел бесігі» жобасының маңыздылығы да айтылды.

Жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын жандандыру, қолданысқа енгізілген жаңа заң баптары Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылындағы «Фирма Сакен» ЖШС аумағындағы кездесуде де сөз болды. Осында ауыл тұрғындарымен жүздескен депутаттар Байділдә Жылқышиев, Сәкен Қаныбеков және Мансұрхан Махамбетов мемлекет тарапынан қолға алынған бастамалар жөнінде пікір алмасты. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын жандандыруға бағытталған жеңілдіктер мен субсидиялар жайы да әңгіме арқауына айналды.

Бүгінде 600-ге жуық ірі қара мал, 2 мыңнан астам уақ мал асырап отырған «Фирма Сакен» ЖШС 20 адамды жұмыспен қамтыған. Жылына 700 тоннадан астам өнім өндіреді. Облыс тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтуға үлес қосып отырған кәсіпорынның аудан экономикасында орны бар. Депутаттар Сарыағаш қаласындағы 5 қабатты 13 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы 2018 жылы басталған үйлер биыл пайдалануға беріледі. Сонымен бірге депутаттар «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысты.

Осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Түркістан облысы аумағын түгел аралап, жаңа заң баптарын түсіндірумен қатар өңірдегі өзекті проблемалармен танысты. Осы іссапарлар барысында анықталған мәселелер ҚР Парламентінде талқыланады деген жоспар бар.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Лучшие онлайн-казино предлагают своим пользователям широкий выбор игр, включая слоты, рулетку, блэкджек, покер и другие. Кроме того, они часто предлагают бонусы и фриспины новым игрокам, что позволяет им начать играть без необходимости вносить депозит. Регистрация в онлайн-казино обычно занимает несколько минут и требует минимальной информации о пользователе. рейтинг топ лушчее dsjvwhbpmh

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.