Қазығұрт ауданы: Аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді

Қазығұрт ауданында сайлау науқаны кезінде, депутаттыққа үміткер азаматтар ауыл-ауылдарды аралап елдің ұсыныс-тілектерін тыңдап, қоғамдық қабылдаулар өткізген болатын.


С.Рахимов ауылының бір топ тұрғындары Б. Көбеев көшесінің жолына көңілдері толмайтындығын айтып, наразылықтарын білдірген еді. Нәтижесінде, аудандық мәслихат депутаты Буденбаев Ертуған Қостайұлы ауылының өзекті проблемасына бей-жай қарамай тиісті орындарға жүгініп, өз қаражаты есебінен 25 камаз шағал төселуіне және де С.Рахимов ауылына көпір салып беруге, Б. Көбеев көшесінің құрылысына қаржы бөлдіріп, жөндеуден өтуіне ықпал етті. Ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, Ертуған Қостайұлының жұмысына табыс тіледі. Айта кетейік, Ертуған Қостайұлының бүған дейін жасап жатқан қайырымды істері шаш етектен.

Өздеріңізге мәлім, «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.