
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шаһар басшысы 6 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жоспарларды баяндады:
Ауыз сумен қамту үшін 8 нысанның, кәріз жүйесінде – 19, электрмен жабдықтауда – 16, газдандыруда — 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз сумен қамту деңгейі – 99%, кәрізбен қамту – 60%, электрмен қамту – 99%, табиғи газбен қамту – 94,7% жететін болады,-дедй шаһар басшысы.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тарту жұмыстары аяқталып, жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді.
Көлік кептелісін азайтып, жолдардың сапасын жақсарту мақсатында, 352 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары, 2 жолайрық құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылы 64,7 пайыздан 2025 жылы 79 пайызға жетеді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша бір мыңға жуық бейнебақылау камераларын (2021 ж. – 3 177 камера), заманауи 9 мобильді полиция бекеті орнатылып жатыр. Нәтижесінде 6 айда жалпы қылмыстардың саны 18,8 пайызға азайды.
Мегаполис болғалы қала бюджеті 4 есеге артты. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жақсы тәжірибеге айналды. Өткен жылы 55 жобаға 1,2 млрд.теңге іске асыруға 3,9 млрд.теңге қаржы бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.
Айта кетейік, қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізген-ді. Онда тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалып, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы күтілуде. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді шешім қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген.
«Anyq.kz» — ақпарат
Фото: Береке Сейітжаппар
439515 277376Wow! Thank you! I always wanted to write on my website something like that. Can I consist of a portion of your post to my web site? 983298
755392 703486Was koche ich heute — diese Frage stellen sich tag fuer tag viele Menschen. Und wir haben tag fuer tag die perfeckte Antwort darauf! Besuchen Sie uns auf unserer Webseite und lassen Sie sich von uns beraten . Wir freuen uns auf Sie! 492256
930996 546533I love reading via and I believe this website got some genuinely utilitarian stuff on it! . 849878
768280 242030 warning Dont any of you individuals ever take me to CiCis pizza! There food looks offensive!|Urban_Elegance| 17173