ҚАЛАДАҒЫ №8 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНА ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

Қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді.

Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздің талабына сай емес екені анықталды. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орындық асхана қаралған. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласындағы ең көне мектеп. Бүгінде оқушыларға үш тілде білім беретін мамандандырылған гимназияға айналған.

Аталған гимназия 2021 жылы Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне енген. Қала әкімі тек үздіктерді тәрбиелеп отырған мектептің қосымша ғимаратпен толығуы білімді жастардың көбеюіне жол ашатынын атап өтті.

 Айта кетейік, Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 75 015 орынға арналған 77 мектеп салу жоспарланған. Оның 54-і мемлекет есебінен, 4-уі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, ал 19 мектеп жеке инвесторлар есебінен бой көтермек. Биылғы жылы 10 540 орынға арналған 16 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылысы жүріп жатқан 11 мектептің есебімен жекеменшік білім мекемесінің саны 62-ге жетеді. Ал, бюджет есебінен биыл 5 мектептің жанынан қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Жаңа нысандар пайдалануға берілген тұста қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер және мектебі жоқ шағын аудандар мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.