Сарыағаш ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлері мен Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы мамандары бірге, аудан тұрғындарына және қонақтарына суға түсу маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және балалары үлкендердің қарауынсыз шомылуға қатаң ескертеді.
Жыл басынан бері Сарыағаш ауданы бойынша 2 адам суға кету оқиғасы бойынша орын алған болатын. Осы орайда суға түсер алдында, ол жердің тереңдігі және ағысының қатты жерлеріне немқұрайлы қарамауын, суға түсу бойынша жалғыз және мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынады. Көп жағдайда ата-аналар жағажай демалыс орындарына барып, балаларын қараусыз қалдырып жатады және осының салдарынан қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және судағы қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету үшін, Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша рейдтер өткізеді, аталған іс-шаралар суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Суда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша ұсыныстар:
тек рұқсат етілген жерлерде, жайлы жағажайларда шомылыңыз; шымтезек қатты ағыспен, батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
суға түсу ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы керек, бұл уақыт 3-5 минуттан біртіндеп артуы керек. Олай болмаған жағдайда гипотермия және құрысу, тыныс алу тоқтауы, есінен айырылу болуы мүмкін;
жағадан алысқа жүзбеңіз;
жүзіп келе жатқан кемелерге қарай жүзбеңіз;
Судағы қарапайым ережелерді сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.