ҚОНАЕВ-РЫСҚҰЛОВ ЖОЛАЙЫРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

2022 жылдың соңында аяқталатын Қонаев көшесі мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы кестеге сай жүруде.

Былтыр, көлік кептелісін азайту мақсатында, жолайырық құрылысы толық аяқталмай техникалық тұрғыда көлік қозғалысына ашылғанын еске саламыз.

Қазір аяқжолдар салу жұмыстары, жер асты өткелін әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүруде.

Шымкент қаласы әкімі құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысын бақылады.

Жоғарыда айтылғандай, екі деңгейлі жолайрықтың құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Жолайрықтың техникалық сипатына сай Д.Қонаев көшесінде 1030 метр, Рысқұлов көшесінде 684,7 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген, ені 42 метр, төрт-алты жолақты.

Бұдан бөлек, қалада  Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысын да әкім бақылаған болатын.

 

Айта кетейік,  2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Осылайша, асфальт жол үлесі 67,4 пайызға жетеді. Ал, қалған көшелерді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, 13 нысан жаңа жолдың құрылысы, 5 нысанда қайта құру жұмыстары, 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Олар:

 ➖Қонаев даңғылының жалғасын салу, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 90 пайыз жұмыстар атқарылды.

➖А-2 автомобиль жолының 2 кезеңі бойынша сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізіліп, жұмыстың 50 пайызы орындалды.

➖Самал-1,2,3 шағын ауданының магистралды және қалаішілік көшелеріне 12,2 шақырым жол салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы іске асырылды.

➖Рысқұлов -Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрығын салу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстың 90 пайызы бітті.

➖Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолаушылар өткелін салу жұмыстары бүгінде 90 пайызға аяқталды.

Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 38 мердігер ұйым жұмылдырылды. Ал, 61 көшенің жол жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

«Аnyq.kz» – ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.