Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейінде ”Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбы аясында қыздарымызға арналған жиналыс өткізілді. Жиынға Қазығұрт аудандық Әжелер алқасынан Абдулла Төлбасы апамыз, Абдурахманова Манзура апамыз және Бекмуратова Қатира апаларымыз келіп қатысып, ару қыздарымызға ақыл-кеңестерін беріп, сонымен қоса Психолог Хансейтова Салтанаттың тренинг сабағына қатысып өз ойларын ортаға паш етті. Оқушылардың берген сұрақтарына да өте керемет мысалдармен жауап беріп, керемет ой қалдыра білді. Сөз соңында мектеп басшысы Шара Шәріпқызы да өз ойымен қыздарымызға деген ақыл-кеңесімен бөлісіп Әжелер алқасынан алғысын білдірді.
ДТІЖО Ауелбекова Эльназ апай да қыздарымызға жақсы тәрбиелік мәні бар видео роликтер көрмесе отырып өз ойын ортаға салды.
«Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыпқа сай бүгінгі қыздарымыз ертеңгі болашақ ана екенін де ескере отырып, керемет ақыл кеңестерге куә болдық….