Түркістан: Ұлттық мектеп лигасының 5-6-шы сыныптар арасында волейболдан Шұбар доп жарысының ашылу салтанаты өтті

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мектеп оқушылары арасындағы ең танымал спорттық жобасы — Ұлттық мектеп лигасының 5-6-шы сыныптар арасында волейболдан Шұбар доп жарысының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу рәсіміне Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік мәдени даму вице-ректоры Турганбаев Аскар Абдуалиулы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Арап Қайрат Әбдірахымұлы, Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілі Мұхашева Гүлжайна Өтепбергенқызы қатысты.
Волейбол лигасына 13 облыс пен 3 қаладан 19 команда қатысып жатыр. Ұлттық мектеп лигасына алғаш қадам басқан 5-6-шы сыныптар үшін Лига ойындары спорттық мерекеге айналуда.
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өтіп жатқан лиганың республикалық кезеңін ұйымдастыру жұмыстарына Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы және Университет қызметкерлері қолдау көрсетуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.