ӘКІМ «ОҢТҮСТІК» АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН КӨРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударып,   мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары қазақстандық өнім болуы қажет екенін ескертті. 2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Ал ені  — 15 метр. Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізуде.

Айналма жолдың Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда. Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмысытары жүргізілуде.  Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр.

Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, 45 самосвал, 8 каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, 1 бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Республика даңғылының бойындағы тротуар салу және жаңа аялдамалар орнату жұмыстарының барысын да көрді.

Айта кетейік, биыл шаһарда 348 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Жыл соңына дейін оның 271 шақырымнан астамы пайдалануға беріледі. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға артады. Жалпы қала аумағында 187 нысанда жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 164-де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Сонымен қатар, 150 орынға аялдама орнату және аудан әкімшілігі тарапынан бекітілген көшелерге шағал тас төсеу жоспарда бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.