ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

Бұл жайында қала әкімінің орташа құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерді аралауы барысында белгілі болды.

Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Осы ретте, қала әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Шаһар басшысының атбасын бұрған бірінші нысаны – Өтегенов көшесі еді.

1-кезеңге сәйкес Өтегенов көшесінің жалғасы “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр, ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы — 970 метр, ені — 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған.

Келесі кезекте М.Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Ақжайық шағын ауданында орналасқан Ақжирен, Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, №10 Сәйгүлік жалғасы көшелерінде болды.  Аталмыш шағынаудан бойынша жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жол жөнделеді. Қазіргі таңда Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, Ақжирен көшелерінде жол негіздемесі және асфальтбетон жамылғысы төселіп, аяқжол орнату жұмыстары жасалуда. №10 және Сәйгүлік көшесінің жалғасында асфальтбетон жамылғысының бірінші қабаты төселіп, екінші қабаты төсеу жұмыстары атқарылуда. Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетейік, 2022 жылға 400 шақырым жол таңбасын сызу жоспарланған, бүгінгі күні шамамен 300 шақырым жол таңбалары сызылды. Көлік кептелісін тудырмау мақсатында аталмыш жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.