Түркістан: Өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өңірдегі бірқатар белсенді педагогтермен кездесті. Жиынға zoom платформасы арқылы аудандық білім бөлімінің басшылары, педагог-ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда Түркістан облысы көлеміндегі білім саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Әлеуметтік желіде әдептілік сақтау секілді мәселесі жиынның басты тақырыбына айналды. Сондай-ақ, педагог мәртебесі, ата-ана рөлі, балабақша жайы, мектептегі тәрбие, кітапхана, оқулық мәселесі, ротация, жан басына қаржыландыру, іссапар шығындарының өтелуі, қамқоршылық кеңес, кәсіподақ, СЭС салығы, олимпиада өткізудегі кейбір олқылықтар, сыйақы алу, сыбайлас жемқорлық, квалификация, балаларға берілетін ыстық тамақ т.б. мәселелері қамтылды.
Ашық диалог форматында өткен жиынға қатысушылар көтерген түйткілді мәселелер төңірегіндегі сауалдарға Басқарма басшысы толыққанды әрі тұшымды жауап берді. Ұстаздың ең басты міндеті — шәкірт тәрбиелеу екендігін баса айтқан Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы, бюджеттік қаржыларды тиімді пайдалану мен игеруді қатаң бақылауға алатынын, ұстаздарды толғандырған сын-пікір, ұсыныстар ескерілетінін мәлімдеді.
Алдағы уақытта оларды ретке келтірудің жолдары қарастырылып, соған сай жұмыс жоспарына түзетулер де енгізілмек.
Осылайша білім саласын жандандыруды мақсат еткен келелі кездесудің бұдан кейін де жиірек өтуін қалаған қатысушылар бір-біріне деген әдемі сыйластықтың үлгісін көрсете білді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.