Түркістандық оқушылар «Қазақтың үні — домбыра» концертіне қатысты

Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты домбыраның үнімен жеткізген.
Бүгін Оқушылар сарайының «Домбыра» мен «Дәстүрлі ән» үйірмелерінің оқушылары 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік концертін өтті.
Киелі аспап мерекесіне орай жас домбырашылар ғимарат алдында Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» туындысын орындады. Одан әрі үлкен залда концерт жалғасын тапты.
Шараға облыс әкімінің орынбасары С. Амангелдіұлы, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлы, Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Шайқықызы мен айтыскер ақын Б.Шойбеков қатысты.
Д.Болатханұлы: «Елімізде шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Домбыра — қазақ елінің көнекөз шежіресі, асыл қазынасы. Атаулы мерекеде домбыраны қолынан тастамай, ұлттық аспабымызбен елге танылып жүрген тұлғаларды мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер!»
Домбырашылардың орындаған күйлері көрерменің көңілінен шығып, патриоттық сезімін оятты. Дәстүрлі ән үйірмесінің оқушыларынан құрылған «Болашақ» тобы «Сәлем Қазақстан» мен Қазиханның әні «Ақсұрат» туындыларын орындады.
Домбырашылар халықтың еркіндігін ұрандайтын Құрманғазының «Адай» күйін орындап, кешті аяқтады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.