
Түркістан төрінде 1500 оқушы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
Балаларды қорғау күні мерекесінде облыстың өнерлі балалары «Dombyra Party» флешмобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Флешмоб балалар жылына орай «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында өткізілді. Қатысушылар ашық аспан астында қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш етті. Шарада ұлттық киім киген 1500 оқушы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
«Anyq.kz» — ақпарат.