165000 ШЫМКЕНТТІК САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Забадам, Самал-3, Құрсай, Қазығұрт және Қарабастау елдімекендеріне толықтай талшықты оптика желісі жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін Солтүстік-Батыс, Ақниет, Қызылжар, Асар-2, Ынтымақ, Жайлау, Қарасу, Мирас, Мартөбе, Қайнарбұлақ саяжай аумағына да оптика желісі жүргізіліп, 165 000 — нан аса тұрғын жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылуға мүмкіндік алады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі осылай  мәлімдейді.

«Шымкент қаласында өткен жылы шалғай орналасқан 10 елдімекен жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесіне қосылды. Олар: Ақжайық, Достық, Асар, Сәуле, Шұғыла, Көкбұлақ, Тассай, Нұртас, Таскен, Пахтакор шағынаудандары.

 Биыл цифрландыру басқармасы тағы 15 елдімекенге сапалы интернет тартуды жоспарлап отыр» делінген хабарламада.  Айта кетейік, қазір Шымкентте мобилді интернетпен қамту көрсеткіші 91% құрайды.  Биыл Шымкент қаласы аумағын жылдам мобильді интернетпен қамту көрсеткішін 95%-ға жеткізу жоспарда бар.  Ал қаланың талшықты оптика желісі жүргізілген аумағын 75%-ға жеткізу көзделген.  Естеріңізге сала кетейк, былтыр шалғай елдімекендерді интернетпен қамту үшін базалық станциялар қойылған болатын. Мобайл операторлармен бірге жұмыс істелді.  Айтпақшы, қазір қала аумағында 30 қоғамдық орында тегін Wi-Fi қызметі қосылған. Атап айтар болсақ: Орталық саябақ, Абай саябағы, Тәуелсіздік саябағы, Цитадель, Қошқарата өзені жағалауы, Жеңіс саябағы, Металлургтер саябағы және Дендросаябағында ақылды күнбағыс құрылғылары бар. Сонымен қатар, қалада Wi-Fi тарататын жүйе бар. Астында Wi-Fi аймақ деген белгі қойылған. Былтыр: Арбат, Бәйдібек би, Қазына саябағына, Дендросаябаққа, Наурыз алаңы, Шәмші аллеясына, Қызғалдақ субұрқағының маңына, Әкімдік ғимаратының артқы жағындағы саябаққа және Нұрсәт алеясына қойылды.  Биыл тағы 9 қоғамдық орынға, яғни 25 нүктеге қою жоспарлануда. Осылайша, қаланың барлық қоғамдық жері тегін Wi-Fi-мен қамтылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.