
25 қазан — Республика күні мерекесіне орай бүгін ауданда жалпыауандық сенбілік өтті. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылды. Нәтижесінде жол жиектеріндегі жыңғылдар шабылып, арық жүйелері қатты қалдықтардан, арам шөптерден тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Қай кезде де болмасын, ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор.
Туған жердің тазалығы баршамызға ортақ екендігін ұмытпайық! Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі.
«Құрметті аудан тұрғындары, “тазалық — ауладан”, ауданымызды көркейтуге өз үлесімізді қосайық!» — дейді жергілікті билік өкілдері.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
393676 478699Hiya! Great weblog! I happen to be a everyday visitor to your site (somewhat more like addict ) of this web site. Just wanted to say I appreciate your blogs and am searching forward for far more! 634134
264950 127556Your weblog has exactly the same post as an additional author but i like your much better.~:; 528014