2024 жылы Шымкентте 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайды

Бүгінде басқарманың мониторингтеу нәтижесінде шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы 50 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталған. Тест драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобильді операторлармен 14 аумақта антенна-мачталық құрылғы қойылып оның 13 не базалық станция орнатылған. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысының айтуынша, 2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.

Қазіргі таңда, инвестор тарапынан 28 нүктенің 17-не базалық станция орнатылып іске қосылды, қалған 11-не антенна-мачталық құрылғыларды салу және оларға монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, «Kcell» және «Кар-Тел» ЖШС тарапынан 58 аумаққа базалық станция орнату жоспарға енгізіліп, бос жер телімдері анықталуда.

Жиында бұдан бөлек, мобильді интернеттен бөлек жеке инвесторлар қарастырылып қаладан шалғай орналасқан 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізіліп 210 000 ға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты оптикалық интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынғаны айтылды. 2024 жылы қосымша 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзіліп, аталған меморандум аясында жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражат цифрландыру басқармасы арқылы орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда.

Ал, қоғамдық орындарды тегін вай-пай желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 wi-fi құрылғылары орнатылған болатын. 2024 жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin