
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия отырысы өтті. Сессия отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, қала дамуына қатысты есептер тыңдалды. Отырысқа Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев төрағалық жасап, ашып, жүргізіп отырды.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары Мекенхан Қозыханұлы, Төлегенов Талғат, қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы және дербес бөлім басшылары қатысты. Отырыста Түркістан қаласының дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралып, тиісті сала басшыларының есептері тыңдалды.
Сессия отырысында Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер назарға алынды. Атап айтқанда, күн тәртібінде:
- Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27/115-VII «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге-де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» №3/15-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.
Сессия отырысы соңында мәселелерге қатысты мәслихат депутаттары бірқатар ұсыныстарын білдірді. Қаралған мәселелер жиын соныңда бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.
Ал кеше Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтың төрағалығымен орындаушылық тәртіптің іске асу бойынша кезекті мәжіліс өткен-ді. Жиын барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының биылғы 25, 26 және 27 мамыр күндері қаланың 6 секторындағы тұрғындармен өткізген кездесулері барысында көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысы жан-жақты қаралды.
Аталған кездесулерде тұрғындар тарапынан жалпы саны 172 өтініш пен арыз-шағым түскен. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол жөндеу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне қатысты болған.
Қазіргі таңда аталған өтініштердің 51-і толық орындалып, 74 өтініш бойынша тұрғындарға заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал қалған 47 өтініш тиісті мекемелердің бақылауында болып, нақты шешім қабылдау мақсатында жұмыс жүргізілуде.
Кеңес қорытындысында Қуаныш Әлібеков барлық жауапты сала басшыларына тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдарды мерзімінде қарап, сапалы әрі тиімді шешім қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, әрбір өтініш иесіне нақты жауап беріп, мәселенің оң шешілуін қамтамасыз ету қажет екенін ескертті.
Түркістан қаласы әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындармен кері байланысты нығайту, олардың өтініштеріне уақтылы және сапалы жауап беру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын үздіксіз жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.