2025 жыл: Түркістан – ерекше мәртебе берілген шаһар: Киелі шаһардың дамуы – халық қалаулыларының басты назарында

Түркістан қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – мәслихат жұмысының басты бағыттарының бірі.

Осыған орай, бүгін қалалық мәслихат төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, мәслихат депутаттары Дәурен Тәңірбергенов және Аюпов Даниярмен бірге бірқатар нысандарды аралап, ондағы жұмыстардың барысымен танысты. Аралау барысында:

Баянауыл мөлтек ауданындағы Қобыз көшесінде орналасқан паралимпиада спорт кешенінің құрылысы;

Қызылорда тас жолы бойындағы көпірдің техникалық жағдайы мен қауіпсіздік шаралары;

Керей Хан көшесіндегі балаларға арналған ойын алаңының жай-күйі;

Бірлік секторы, Наурызым көшесінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстары егжей-тегжейлі зерделенді.

Аталған нысандарда сапа, қауіпсіздік, қолжетімділік сынды талаптар бойынша нақты ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныстар да назардан тыс қалған жоқ.

Мәслихат депутаттарының мұндай көшпелі жұмыстары — қала тіршілігінің өзекті тұстарын дер кезінде анықтап, шешу жолдарын жеделдетуге бағытталған. Бұл – билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Сонымен қатар бүгін Түркістан қалалық мәслихат депутаттары Бірлік секторында тұрғындармен кездесу өткізді. Ашық форматта өткен бұл кездесу қала халқының мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.

Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, қала әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат, мәслихат депутаттары Данияр Аюпов және Дәурен Тәңірбергенов қатысты.

Тұрғындар тарапынан төмендегідей мәселелер көтерілді:

Әлеуметтік дүкендердің қолжетімділігі мен сапасы;

Қоғамдық көлік қозғалысы мен бағыттарының жетіспеушілігі;

Бағдаршам және жаяу жүргіншілер өткелі (пешеход) мәселелері;

Балалар ойын алаңшаларының жеткіліксіздігі немесе тозығы жеткен жағдайы;

Жол инфрақұрылымының жай-күйі;

Жер қатынастарына және инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелер.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мұқият тыңдалып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Көптеген сұрақтар жергілікті атқарушы органдардың құзырындағы мәселелерге қатысты болғандықтан, жауапты бөлімдердің қатысуымен шешу жолдары қарастырылуда.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, әр сектордың проблемалық мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You