
Түркістан қаласындағы Мәдени-рухани орталық аумағында Жергілікті полиция қызметі мен Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің жауапты мамандары бірлесіп, түнгі рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында:
* Электрокар жүргізушілерінің көлік құралын басқару куәліктері тексерілді;
* Жүргізуші куәлігі жоқ тұлғалар басқарған электрокарлар айыппұл тұрағына қойылды;
* Кәмелетке толмаған азаматтарға электрокар тізгіндеуіне жол берілмейтіні қатаң ескертілді;
* Электрокар жүргізушілеріне арнайы киім кию, жылдамдықты шектен тыс асырмау және дыбыс зорайтқыш құралдарын шамадан тыс пайдаланбау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шара тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен мәдениетті сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Тәртіп демекші, шаһар басшысы бүгін тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Құрметті полиция қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрқашан үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Осы жолда сіздер күндіз-түні аянбай еңбек етіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосып келесіздер.
Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен табандылықтарыңыздың арқасында Түркістан қаласында қауіпсіздік пен тыныштық, тұрақтылық сақталып келеді. Бұл — әрбір тұрғын үшін ең маңызды құндылық.
Осынау мерейлі күні сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ел мүддесі жолындағы қызметтеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!» — деп, жүрекжарды тілегін білдірді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.