2025 жыл: Түркістан – ерекше мәртебе берілген шаһар: Түркістан өндіріс пен кәсіпкерлік дамып келе жатқан жаңа экономикалық аймаққа айналып отыр

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан қаласы бүгінде рухани-мәдени орталық болумен қатар, өндірістік әлеуеті жоғары, экономикасы дамып келе жатқан орталыққа айналды. Әсіресе, жиһаз өнеркәсібі бойынша өңір республика көлемінде жетекші орынға шығып отыр.

Жыл сайын қалада жүздеген мың дана жиһаз өнімдері өндіріліп, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің өзге өңірлеріне және шетелдік нарықтарға да экспортталуда. Бұл – қала кәсіпкерлерінің тынымсыз еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһардағы жиһаз өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындарды аралап, өндіріс барысымен танысты. Қала басшысы «Идеал Туркестан» ЖШС, «LIDER GROUP» ЖК және «ASIA BREND» мекемелеріне арнайы барып, өндірістік үдерісті көзбен көріп, жұмысшылармен және кәсіп иелерімен пікір алмасты.

«Идеал Туркестан» ЖШС – қаладағы ең ірі жиһаз өндірушілердің бірі. Жылына 200 000 дана дайын өнім шығаратын кәсіпорын 3 гектар аумақта орналасқан. Қазіргі таңда 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жылдық қаржылық айналымы – 1,8 миллиард теңге.

«LIDER GROUP» ЖК жылына 80 000 дана жиһаз өндіріп, 1,55 миллиард теңге көлемінде қаржы айналымын қамтамасыз етіп отыр. 0,55 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорында 60-70 азамат еңбек етеді. Компания өнімдерінің басым бөлігі жоғары сұранысқа ие.

«ASIA BREND» мекемесі де аймақтағы ірі өндіріс ошақтарының бірі саналады. 1,5 гектар өндірістік аймақта орналасқан кәсіпорын жылына 22 000 дана жиһаз өнімін шығарады. Мұнда 150-ге жуық адам тұрақты түрде еңбек етіп, 1,1 миллиард теңге көлемінде қаржылық айналым қалыптастырып отыр.

Аталған кәсіпорындардың барлығы бүгінде толық қуатта жұмыс істеп жатыр. Бұл — Түркістандағы индустриялық дамудың нақты көрсеткіші. Қала әкімі өндіріс орындарының жұмысын жоғары бағалап, өңірлік экономиканы нығайтудағы үлестерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді тиімді пайдалану арқылы өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын баса айтты.

Жалпы, Түркістан қаласында кәсіпкерлікті қолдау мен өндірісті дамыту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Қала әкімдігі тарапынан инженерлік инфрақұрылым тарту, өндірістік аймақтарды дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Бұл өз кезегінде жергілікті экономиканың тұрақты дамуына және халықты жұмыспен қамтуға берік негіз болмақ.

Темір-бетон және асфальт өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорында 164 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Түркістан соңғы жылдары өндіріс пен шағын және орта кәсіпкерлік дамып келе жатқан жаңа экономикалық аймаққа айналып отыр. Қалада индустриялық инфрақұрылым дамып, отандық өнім өндірушілердің үлесі артып келеді. Осыған орай, шаһарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру, өндірістік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Осы бағытта Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өндірістік нысандарды аралау барысында «Нұр Строй ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуатымен танысты.

2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын темір-бетон бұйымдарын шығарумен айналысады. Бүгінде өндіріс орнында жылына 10 000 дана жабын плитасын, 30 000 дана темір-бетон тірегін және 50 000 тонна асфальтты сынды сапалы өнім шығарылады. Өндіріс орны қаладағы жол-құрылыс саласына қажетті материалдармен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 72 мың дана өнім өндірген.

Қазіргі таңда кәсіпорында 164 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Нұр Строй ЛТД» ЖШС шығарған өнімдердің сапасы «СТ-KZ» ұлттық сертификатымен дәлелденген, бұл өндірілетін материалдардың 100% отандық екенін және халықаралық стандарттарға сай келетінін айғақтайды.

Қала әкімдігі өңірде индустриялық әлеуетті дамыту, құрылыс саласын қолдау және өндіріс ошақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Өндірістік мекеме өкілдерімен жүздесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы кәсіпорынның қызметін жоғары бағалап, отандық өнім үлесін арттыру, жұмыс орындарын көбейту және қала экономикасына қосар үлесін еселеу мәселелері алдағы уақытта да басты назарда болатынын атап өтті.

Түркістанда жылына 1000 тоннадан астам нан және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын бар

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Іссапар барысында шаһар басшысы «Ақ Жол Фудс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік әлеуетін көріп, өндіріс процесі мен инфрақұрылыммен қамтылу барысымен танысты.

Кәсіпорын жылына 1000 тоннадан астам нан өнімдерін өндірумен қатар, ет өнімдері – атап айтқанда, шұжық және сосиска түрлерін дайындаумен де айналысады. Түркістан қаласында орналасқан бұл өндіріс орны бүгінде 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Бұл жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жергілікті шағын және орта бизнесті дамытуға елеулі үлес қосуда. Түркістанда өндірістік және кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында қала әкімдігі тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, өндірістік аймақтарды инфрақұрылыммен қамту, инвесторларды қолдау және отандық өнім өндірушілерге нақты қолдау көрсету бағытында кешенді шаралар іске асуда.

Өндірістік нысандарды аралау барысында қала әкімі кәсіп иелерімен пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, жергілікті өнімдердің сапасын арттыру мен өндіріс ауқымын кеңейтуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Жаңа өндіріс – жаңа мүмкіндіктер мекені

Түркістанда жұмыс іздеушілерге ерекше мүмкіндік ұсынылды. «Kazakhstan Lihua» ЖШС-нің өндіріс орнында өткен ашық есік күніне 100-ден астам түркістандық азамат қатысып, кәсіпорынның жұмыс барысымен жақын танысты.

Шараны Түркістан қалалық Мансап орталығы ұйымдастырған. Негізгі мақсат – жұмыссыз жүрген азаматтарға, сондай-ақ жұмыс орнын ауыстыруды жоспарлаған тұрғындарға нақты жұмыс көздерін көрсету, өндіріс орнын көру, кәсіби бағыт-бағдар беру.

«Kazakhstan Lihua» ЖШС 750 адамды жұмысқа қабылдауға дайын. Бұл бастама — тұрақты табыс көзін іздеген тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Түркістан қалалық Мансап орталығының директоры Жангелді Аладинұлының айтуынша, кәсіпорын жұмыс күшіне аса мұқтаж.

«Kazakhstan Lihua» – иіру, тоқу, бояу және үй тоқыма бұйымдарын өндіруді бір арнаға тоғыстырған инновациялық өндірістік кластер. Бүгінде облыс бойынша 4 интеллектуалды мақта өңдеу желісін іске қосып үлгерген кәсіпорын жылына 6000 тонна жоғары сапалы мақта өнімін өңдеуді жоспарлап отыр.

Жұмысшылар үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған:

  • Жалақы көлемі – 130 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін.
  • Ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
  • Жатақхана ұсынылады.
  • Қауіпсіз еңбек жағдайы, арнайы нұсқама және жабдықталған жұмыс орны.
  • Заманауи құрал-жабдықтар, жаңа технологиямен жұмыс істеу мүмкіндігі.

Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар:

  • Қытай тілінен аудармашылар.
  • Электр-техникалық мамандар.
  • Жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандары.
  • Өндірістік операторлар.
  • Тоқыма өндірісі жұмысшылары.
  • Жүк тиегіш машинистері.

Кәсіпорын Түркістан қаласындағы Бекзат шағынауданында орналасқан.

Байланысу үшін мына мекемелер мен телефондарға шықсаңыз болады: «Kazakhstan Lihua» ЖШС, +7 775 351 8875. Түркістан қалалық Мансап орталығы, +7 778 259 5353. Құлыншақ ақын көшесі, №90 а.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You