
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Туған елге саяхат» бағдарламасы аясында киелі Түркістан қаласына 220 турист келіп, тарихи-мәдени орындармен танысты.
Бағдарлама мақсаты – жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің тарихи және рухани құндылықтарымен таныстыру. Қонақтар Түркістанның маңызды нысандарын аралап, халқымыздың бай мұрасы мен ұлттық дәстүрлеріне қанықты.
Туристер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Ұлы дала елі орталығы, “Керуен-Сарай” туристік кешені сияқты бірқатар нысандарда болды. Танымдық саяхаттармен қатар, мәдени шаралар мен шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды.
Мұндай жобалар өскелең ұрпаққа ел тарихын танып-білуге және патриоттық сезімін күшейтуге зор үлес қосары сөзсіз.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен 200 бала Түркістанға саяхаттап келді. Бұл сапар – тек таным емес, үлкен армандарға бастар қадам. Жобаны «Самұрық-Қазына» компаниясы тобының қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссиямен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Ерекше сапар Түркістанда жалғасуда. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар тарихи қалада өздерінің алғашқы кәсіби тәжірибесін жинап, ұмытылмас әсер алуда.
Рухани астана болашақ ұрпаққа шабыт сыйлай берсін!
«ANYQ.KZ»-ақпарат.