
«Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» аясында «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен жасөспірімдер арасында шахматтан Түркістан қаласының ашық турнирі ұйымдастырылды. Жарыс бүгін «Фараб» кітапханасында өтті.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық мәслихат депутаттары Дәурен Рахымұлы Тәңірбергенов пен Самат Әкімбекұлы Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында қаланың мақтаныштары – Қазақстан және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары, Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Нұрислам Сұлтанхан мен Әсия Асылхан жасөспірімдерге арнайы шеберлік сағатын өткізді.
Бұл дода — тек қана ой таласы емес, парасат пен тазалықты дәріптейтін ерекше сайыс. Турнир күні бойы жалғасып, 100-ге тарта жас шахматшы облыстың әр аймағынан жиналып, рапид түрінен бақ сынады.
Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
