211 ПӘТЕРГЕ ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДАН ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. Қабылдау 2022 жылдың 28 шілде күні сағат 09-00 ден 29 шілде сағат 19-00 аралығында жүргізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді.

Маманның сөзінше, 2022 жылы жалпы жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер қарастырылған.  Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетінпәтерлердің алғашқы легінде 211 пәтер «Тұран» шағын ауданынан беріледі.  Оның ішінде, 1 бөлмелі пәтер саны-106 , екі бөлмелі пәтер саны — 105. Жалдау ақысы 5-15 мың теңге аралағында. Алайда оны тұрақты жұмыс істейтін, жасы 29 жастан аспаған жастар ғана ала алады. Өтінім беруші соңғы екі жылда Шымкент қаласында тіркелген болуы қажет. Және оның өз атында үй болмауы шарт.

Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.  Ережеге сәйкес, кәсіпті меңгерген өтініш берушіге 10 балл, отбасылы болған жағдайда 5 балл және некеде тіркелген әрбір жылы үшін 2 балл беріледі. Бір бала-1 балл, әрбір кейінгі бала үшін 2 балл беріледі. Жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жылға 5 балл, әрбір жыл үшін 1 балл беріледі. Жетістіктері үшін 2 балл, бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін мемлекеттік кәсіпорындарда 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін бір балл, депозит үшін 2 балл беріледі.

Қалған пәтерлерге жыл соңына дейін кезең — кезеңімен конкурстар өткізілетін болады.Жастар жылының салтанатты ашылуында жас қазақстандықтарға қолжетімді бағалармен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жалдамалы тұрғын үй құрылысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отарып, жұмыс істейтін жастарды қолдау болып табылады. Аталған бағдарлама негізінде Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында құжаттар қабылдау басталып 2020 жылы сатып алу құқығынсыз жастарға 904 пәтер қолдансқа табысталса, 2021 жылы 3 648 өтінім келіп түссе,  300 пәтер берілген. Баспаналар «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар 2» шағынаудандарында орналасқан.  
Жастар бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жастар 5 жылға дейін жалдап тұра алады.

Айта кетейік, Шымкентте 11 мың жас баспана кезегінде тұр.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.