Түркістан облысы: Түлкібас ауданында бірінші кезекте ауыз су проблемасын шешуге басымдық беріледі

Өздеріңізге мәлім, соңғы жылдары әлемде, оның ішінде елімізде ауыз су тапшылығы ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Дәл осындай проблема Түлкібас ауданында да жоқ емес. Баяғыдан бері сумен қамтып келген бастау көздері тартылып, су тапшылығы орын алуда. Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Ақбиік ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, округке қарасты Ақбиік, Сарытөр және Құлан ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, аймақтағы өзекті мәселелердің түйінің шешу жолдарын талқылады.

Елді мекендердегі өзекті мәселенің бірі — ауыз су тапшылығы. Биыл Сарытөр ауылынан жаңадан су жинағыш қойма соғылып, су мұнарасы орнатылуда. Нысан шілде айына дейін толық пайдалануға берілмек.

Ақбиік ауылының су жүйесіне жаңа фильтір орнатылып, су айдайтын насосы жаңартылмақ.

Ал, Құлан ауылы жаңа су жинағыш қойманы салуды қажет етеді. Нұржан Жақсылықұлы аталған жұмысты бірінші кезекке қойып, сметалық құжаттарын дайындап, мәслихат сессиясына жауапты бөлім басшысына ұсынуды тапсырды.

Сонымен қатар, кездесу барысында тұрғындар тарапынан Ақбиік ауылына жаңа спорт нысаның, Құлан ауылына мәдениет үйін соғу, жол, интернетке қатысты мәселелер көтеріліп, аудан басшысы тарапынан толық жауап берілді. Кездесуді пайдаланып аудан әкімі ауыл тұрғындарына тазалық және ауыз суды мақсатсыз пайдалануды алдын алу мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұранды.

Сонымен қатар аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов өтінішпен келген тұрғындарды жеке қабылдады. Көтерілген мәселелердің дені ауыз су, ауыл-аймақтағы қоқыс тазалығы, әлеуметтік дүкендер желісінің көбеюі, орталық базардағы реттілікті басты назарға ұстау сынды мәселелер төңірегінде болды. Сонымен қатар «Соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері аудан әкіміне ұйымға арнайы ғимараттың қажет екендігін және оның салынуына қол ұшын беруін өтінді.

Аудандық орталық аурухананың жолын жөндеу, ондағы көліктер реттілігіне назар салу, «ИнтерГаз» ұйымының жұмысын қадағалау, балалар ойын алаңшаларын салу, қоқыс тарифінің қымбаттауы мен әлеуметтік нан дүкендерінің санын арттыру тақырыптарын көтерген азаматқа аудан басшысы жеке-жеке тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тұрғын үй салуға көмек беру, ауыз су мәселелері бойынша да жеке қабылдауға жазылған азаматтар көтерді. «Барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес атқарылады және қаржы қажет етпейтін мәселелер тез арада жауапты мамандардың көмегімен іске асатын болады» — деді аудан басшысы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You