26 БАЛУАН «ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ-2022» ТИТУЛЫ ҮШІН БЕЛДЕСУДЕ

Шымкентте қазақша күрестен «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі басталды. «Қала күніне» орай ұйымдастырылып отырған шарада 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасады.

Жарыс Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жеңіл атлетикалық аренасында өтуде. Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов балуандарға сәттілік тіледі.

“ Ұлттық спорт түрлері ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл мұрамыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз аз емес. Оның айғағы ретінде қазақ күресінен Әлемдік деңгейде биік тұғырлардан көрінген, Әлем Чемпионатының жеңімпазы, Әлем Барысының күміс жүлдегері, Евразия Барысының жеңімпазы — Ерсұлтан Мұзаппаров және Әлем Чемпионатының жеңімпазы, Азия Чемпионатының үш дүркін жеңімпазы — Әділжан Истабаевты айтып өтуге болады. Бүгінгі жарыс барысында балуандарға сәттілік тілеймін, -деді қала әкімі М.Әйтенов.

Жарысқа Әлем және Азия Чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер қатысуда.
Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаевтың сөзінше, осы жарыста өте жақсы өнер көрсеткен 2 спортшы «Қазақстан барысына» барады.

«Шымкент барысы» іріктеу турнирінде палуандар 30 белдесу өткізеді. Ақтық сында 1-2 орын алған 2 балуан шілде айында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғайтын болады.

Одан бөлек, боз кілемде кіл мықтыны саралаған бәсекеде жеңімпаздарға «Шымкент барысы» белбеуі мен қомақты жүлде қоры тағайындалған.

 Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша 1 орын иегеріне «Нексиа» автокөлігі, 2 орынға 500 000, 3 орынға 300 мың теңге ақшалай сыйлық бер
Қазіргі таңда қаланың 4 спорт мектебінде қазақ күресімен 466 спортшы кәсіби түрде шұғылдануып жатқанын тілге тиек етейік.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Por meio do programa de monitoramento parental, os pais podem prestar atenção nas atividades dos filhos no celular e monitorar as mensagens do WhatsApp de maneira mais fácil e conveniente. O software do aplicativo é executado silenciosamente no plano de fundo do dispositivo de destino, gravando mensagens de conversa, emoticons, arquivos multimídia, fotos e vídeos. Ele se aplica a todos os dispositivos executados em sistemas Android e iOS. https://www.xtmove.com/pt/how-to-track-and-read-someones-whatsapp-messages-calls-location/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.