30-дан астам тұрғын Шымкенттің бас полицейінің онлайн қабылдауында болды

Қала тұрғындарының полицияға қатысты мәселесі бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында әр аптаның сәрсенбі күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтың жеке қабылдауы тұрақты өткізіп келеді.


Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” атты тұжырымдамасына сәйкес полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде азаматтармен қолжетімді әрі тиімді байланыс орнатуға барлық жағдай жасалып отыр. Оған бүгінгі қабылдау дәлел бола алады. Алдын ала жазылған 30 қала тұрғыны қабылдауға келіп, сұрақтарына нақты жауап алды. Мәселен, зейнеткер өз баласынан белгісіз азаматтар «Айфон-7» маркалы 45 дана ұялы телефон әкеліп беремін деп, қомақты қаражатын алып, қайтармай жүргені туралы шағымданды. Осы мәселеге құзырлы орган қызметкерлері араласуын сұранды. Департамент бастығы Ералы Жумаханбетов зейнеткердің мәселесін тындап, тиісті сала қызметкерлеріне нақты тапсырма берді. Қабылдауға келген екінші тұрғын өзін қазіргі таңда уақытша жұмыс істемейтінін айтып, өткен жылы туысқанына өзінің үйін бөліп төлеуге келісіп, оған сатып жібергенін айтты. Алайда туысы келісімді мойындамай, ақшасын бермей жүргенін жеткізді. Өз кезегінде Департамент бастығы Ералы Жумаханбетов азаматшаның мәселесін тындап, , заң аясында тиісті шара қолданылатынын алға тартты.
 
Мұнан өзге де жергілікті тұрғындарды мұқият тыңдаған Шымкенттің бас полицейі кейбір мәселелер бойынша нақты сол сәтте шешім қабылдап, түйіткілді жайттардың оң нәтиже шығаруға ықпал етті. Осылайша ұзақ уақыттан бері кейбір азаматтардың қаралмаған шағымы жылдам әрі заңды шара қолданылғанына тұрғындар өз ризашылығын білдіріп, тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі. Өз кезегінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов халықпен кері байланысты арттырып, алдағы уақытта да ашық әрі сапалы қызмет ететінін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.