5 ЖЫЛДА ШЫМШАҺАРДА НЕ ӨЗГЕРДІ?

Шымкентке республикалық маңызға ие қала мәртебесін беру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 5 жыл толды. Айтулы соңғы бес жылда Шымкент экономиканың негізгі салалары үлкен белестерді бағындырды. Атап айтқанда:

Соңғы 5 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті;

Соңғы 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті;

Соңғы 5 жылда қала экономикасына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды;

Соңғы 5 жылда қала бюджеті 4 есе көбейіп, 146 милиардтан 642 миллиард теңгеге жетті.

5 ӨНДІРІСТІК АЛАҢДА 355 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Шымкентте экономиканың дамуына тың серпін беріп отырған саланың бірі – өнеркәсіп. Соңғы жылдары бұл сала республикада көш бастады. Бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған 5 өндірістік алаң бар. Онда жалпы құны 350 миллиард теңгенің 335 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр.

Бұдан бөлек Шымқалада өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты тағы 5 өндірістік алаң ашылады.

БАСПАНАМЕН ҚАМТУДА КӨШ БАСЫНДА

Үшінші мегаполисте соңғы бес жылда 3 млн. 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды, оның 2 миллионы соңғы екі жылда берілді. Ендігі кезектегі меже — жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн. шаршы метрге жеткізу.

Биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінді 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Шымкентте тұрғын үймен қамту бойынша биыл тұңғыш рет өңірлік «Қамқор» бағдарламасы қабылданды.

900 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ АСФАЛЬТТАЛДЫ

Шымкентте бірінші кезекте, халыққа қажетті ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін біршама шешу қолға алынса, ендігі кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінуде.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемі биыл 38,0 млрд.теңгеге жеткізіліп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайды.

Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жол айрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы, қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жол айрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын айналма жолдарды пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.