Биылғы жылы «Балалар жылы» аясында жаз мезгілінде бюджеттен қаралған қаржыға аудан бойынша 1400 бала Төлеби ауданы, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» лагерінде барады деп жоспарлануда.
Бүгін «Біркөлік шатқалы» жазғы сауықтыру лагеріне Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шұбарсу ауылынан 100 бала және аудан әкімі Батыршаев Бағлан Дәнебекұлының ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 50 бала демалысқа жіберілді.
Жаңа оқу жылына дейін аудан көлемінен 1500 бала жазғы сауықтыру орындарына демалады. Сонымен бірге Облыс көлеміндегі тарихи орындарға бір күндік саяхаттар ұйымдастырылуда. Осындай саяхаттар жаңа оқу жылына дейін жалғасын табатын болады.
Бүгінгі күні «Біркөлік шатқалы» жазғы сауықтыру лагеріне демалуға барған балаларға Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы сәттілік тілеп, балаларға әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысып, жаңа достар табуына, жақсы демалуларына тілектес екендігін білдірді.