Шымкенттік 500 балақай жол бетіне сурет салды

Шымкенттік балақайлар өз мейрамын атап өтті. Шымшаһардың бүлдіршендері «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін» тойлады. Жаздың алғашқы Әл- Фараби алаңында өтті. Мерекеде 500-ге жуық балақай жол бетіне  сурет салып, дарынды өнерпаздардың қолөнер туындылары көрмеге қойылды.

Мегаполистің басты алаңында өткен салтанатты шарада қала өнерпаздары әннен шашу шашып, балапандарға арналған мерекелік қойылымдар қойды.

Бүлдіршіндерді мерекемен құттықтауға қала әкімі де келді.

Салатанатты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов: «Балаларымыз – біздің бақытымыз және болашағымыз!» дей отырып, балаларды мерекелерімен шын жүректен құттықтады.  «Ұрпағымыз мемлекеттің мәңгілік азаматтары болып, елімізді мәңгілікке шығаратындай жолға жете берсін! Ал оған біз тілектес болып жүре берейік!»,- деген қала басшысы «Балалар жылы-2022» аясында бірқатар жаңа нысандардың іске қосылатынын тілге тиек етті.

—         Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына орай 42,9 млрд. теңге қаржы қарастыра отырып, 84 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Биыл қаламызда 143 балалар ойын алаңшасы, 33 спорт алаңшасы, 16 мектеп, 1 оқушылар сарайы мен №2 балалар саз мектебі іске қосылады. 2021-2022 оқу жылында қаламыздың бес жүзден астам оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды. Бұл біз үшін мақтаныш. Ең алдымен шымкенттік ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, оқушылардың дамылсыз білім алып, оқып-үйренуге жұмсаған алтын уақытының қайтарымы деп білемін, -деді қала әкімі.

Тілге тиек етейік, 2022 жыл – «Балалар жылы». Ал Шымкентте 250 мыңға жуық оқушы бар. Оның 500-ден астамы жыл басынан бері білім мен ғылым, өнер мен спорт салаларында түрлі жетістіктерге жеткен. Осы орайда, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарының шеруі өтті.  

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. L’obtention d’informations secrètes peut vous donner un avantage commercial sur vos concurrents, et grâce aux progrès technologiques, l’écoute électronique est plus facile que jamais de nos jours.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.