500 ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛАДЫ

«Өткен жылы қалада бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланып отыр (1060 мың ш.м, өсім — 4,7%). Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді (2972 пәтер, 239,3 мың ш.м) пайдалануға беру жоспарлануда» — деді қала әкімі М.Әйтенов. Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн. теңгеге 500 тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформасы 100 пайыз іске асырып, «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы енгізгенін айтты.  Айта кетейік, бүгінде Шымкентте жалпы тұрғын үй қоры 2 236-ны құрайды. Оның ішінде коммуналдық үй – 130, кондоминиум нысаны тіркелгені – 1 672, ал тіркелмегені 471 болып, тұрғын үй қорының 78,2 пайызын құрап отыр. Осы орайда бұл бағытта жаңа реформа іске асырылуда. Тарқатып айтсақ, «Бір үй, бір бірлестік, бір есепшот» қағидасы бойынша тұрғын үйдің басқару жүйесін бір ізге келтіру. Яғни, көп қабатты тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа жүйесі «Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) немесе «Жай серіктестіктігін» (ЖС) енгізу болып отыр. Аталған бағдарламаның артықшылығы – кондоминиум нысандарын меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу. Біле жүріңіз! Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) – коммерциялық емес ұйым. Яғни, көп қабатты тұрғын үй пәтерлері және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға. Бұл жағдайда пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің 51 пайызының келісімі қажет. Ал «Жай серіктестік» (ЖС) – бір көп қабатты үйдің пәтерлері және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум нысанының ортақ мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге арналған серіктестік. Осы орайда пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің 100 пайыз келісімі болуы шарт.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.