Оқушылар саябақта кітап оқыды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінде 5 сынып оқушыларымен саябақта»Кітап- сарқылмас рухани әлем» тақырыбында оқу сағаты ұйымдастырылды. Оқу барысында оқушылар түрлі қызықты шығармалар, ертегілер, өлеңдер оқып, оқуға деген қызығушылығы артты. Өзара кітапты талдап, сараптап, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыра білді, ой-өрісін дамытып, көкірек көзін кеңейте алды. Оқудан тыс балалардың дене бітімін, ой-өрісін, миын тынықтыру, қызығушылығын ояту, сергіту ойындары ұйымдастырылды. Білімді бала — ел ертеңі!

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You