Қазақстан өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін

Синоптиктер жауын-шашын мен қардың еруіне байланысты 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстан өзендеріндегі жағдай туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


26 және 29 наурызда Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында, 26-27, 29 наурызда Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, 27 және 29 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Осыған байланысты жоғарыда аталған облыстардың тау бөктерінде су тасқынының қалыптасуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында 28 және 30 наурызда — қалың қар, 29 наурызда — қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 29 наурызда Ақмола облысында – көбіне қар түрінде өтетін жауын-шашын болатыны болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысында 27-28 наурыз күндері облыстың оңтүстігінде, 30 наурызда облыстың батыс жартысында ауа температурасы түнде 3 градус жылы, күндізгі ауа температурасының негізгі фоны 2-7 градус жылы болады деп күтілуде.

30 наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 31 наурыздан бастап Павлодар облысында күндіз ауа температурасы 2-5 градус жылы болады.

Қарағанды облысында 28-29 наурызда, 1 сәуірде облыстың оңтүстігінде ауа температурасы түнде 3 градус, күндіз -3 градустан +2 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 7 градус, оңтүстік-шығысында 3 градус, ал, оңтүстігінде 8-13 градус жылы болатыны болжанды.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған өңірлерде қардың және өзендердегі мұздың қарқынды еруі күтілуде.

Қазақстанның ойпатты өзендерінің бассейндерінде жинақталған ылғал қорының көлемі келесідей: Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында орта есеппен 12%-дан 45%-ға дейін азайған.

Наурыз, сәуір айларында метеостансаларда жүргізілген көпжылдық бақылаулар бойынша, бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсуі, бұл өз кезегінде қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың орын алуына әкелуі мүмкін.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.