Түркістан: Импорттық өнімдердің 90 % жуығы талапқа сай емес

Түркістан облысының санитариялық дәрігерлері дүкен сөрелеріндегі азық-түлік және өзге тауарларға жүргізген мониторинг барысында импорттық өндірістің 679, отандық өнімнің 155 сынамасын зерттеуден өткізген.


Зерттеу нәтижесінде 36 сынаманың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған. Ол өнімдердің 89% — импорттық, 11% — отандық тауарларға тиесілі. Олардың ішінде тамақ өнімдерімен қоса, балалар ойыншығы, жеңіл өнеркәсіп өнімдері бар.

Зерттеу қорытындысы бойынша өнімдердің сыртында ақпарат мемлекеттік тілде жазылмағандығы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өнімнің сақталу шарттары, өндіруші немесе импорттаушы туралы ақпарат, өнімді пайдаланудың басқа да нұсқаулары көрсетілмегендігі белгілі болған. Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жергілікті кәсіпкерлерге өнімдердің таңбалануын заңнама талаптарына сәйкес іске асыру керектігін еске салса, тұтынушыларды өнімнің жапсырмасына назар аударуға шақырады.

Сыртқы қаптамасында жарамдылық мерзімі, құрамы, сақтау шарттары туралы ақпарат көрсетілмеген өнімдер сіздің денсаулығыңызға зиян болуы әбден мүмкін.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1156394198442195&id=100022148768669

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.