Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мәселелері қаралды

ҚР Білім және ғылым министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесе отырып, «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру үдерісі» атты тақырыпта республикалық семинар өткізді. Шара республикалық арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуына арналды.
Шара жиналған көпшілік алдымен Түркістан қаласындағы Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатындағы тәрбиеленушілердің қолөнер бұйымдары қойылған көрмені тамашалады. Одан кейін «дөңгелек үстелге» қатысып, республикалық арнайы білім беру ұйымдары мен инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтендіру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Түркістан облысының арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары А. Сыздықова, А. Әбдуәлі, А. Ахметова, Р. Қосмамбетова ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарды арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Кудеринова жүргізіп отырды. Аталған семинарға арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, «ВI Жұлдызай» Корпоративтік Қорының өкілдері, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары, республикалық арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, инклюзивті қолдау кабинеттерінің педагогтары қатысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 473 Comments

  1. Аренда яхт Остров https://arendayachtphuket.ru/ Возьмите в аренду спортивную яхту и отправьтесь на приключение в открытое море с возможностью заняться дайвингом.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.