Түркістан: 1500 оқушы «Балбырауын» күйін тартты

Түркістан төрінде 1500 оқушы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
Балаларды қорғау күні мерекесінде облыстың өнерлі балалары «Dombyra Party» флешмобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Флешмоб балалар жылына орай «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында өткізілді.  Қатысушылар ашық аспан астында қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш етті. Шарада ұлттық киім киген 1500 оқушы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.

«Anyq.kz» — ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You