ТҮЛКІБАСТЫҚ 1700 ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

Балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты барлық ауылдық округ, кенттерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай Жаскешу ауылына қарасты С.Сейфулин мектебінің алаңында өтіп, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері ашылды. Оған Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысып, оқушыларды төл мерекелерімен құттықтады.
– Бала – адам өмірінің жалғасы, артында із қалдыратын ұрпағы. Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Осы ретте қазақ даласының әр баласына білім мен өнегелі тәрбие беруге бірігіп атсалысуымыз қажет, – деді аудан басшысы.
Мерекелік іс-шара барысында келген қонақтарға балалардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесі қойылып, «Жас құтқарушы», «Жас турист» бұрыштары ұсынылды. Эстафета ойындарына ұласты.
Айта кетейік, биыл Түлкібас ауданында аз қамтамасыз етілген отбасын шыққан және қамқорлықтағы 1700-ден астам оқушы қала сыртындағы лагерлерде 100 пайыз тегін демалатын болады. Бұдан бөлек 9 мыңға жуық оқушы мектеп жанындағы лагерлермен қамтылса, 4 мыңнан астам оқушыны кәсіпорын ұйымдары, мекеме басшылары, демеушілер және ата-аналар есебінен аудан, облыс, республика көлемінде орналасқан сауықтыру орындарына жіберу жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. Les enregistreurs de frappe sont actuellement le moyen le plus populaire de suivi des logiciels, ils sont utilisés pour saisir les caractères au clavier. Y compris les termes de recherche saisis dans les moteurs de recherche, les e — Mails envoyés et le contenu du chat, etc.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.