ТҮРКІСТАНДА «OPEN TURKISTAN YOUTH» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістанда «OPEN TURKISTAN YOUTH» атты жастар форумы өтті. Шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйымдастырды.
Форумға Қазақстан және Өзбекстан Республикасының жастары, Түркістан облысының белсенді жастары қатысты.
Форумға Өзбекстан Республикасының туризм және мәдениет министрінің кеңесшісі Лола Рахманбаева, Жастар қызметкерлері қауымдастығының бас маманы Тимур Искаков арнайы келіп, Ауыл вайнері, жастар белсендісі Бақыт Жандос, блогер Бағдаулет Жаманқұлов қонақ болды. Жастармен түрлі тақырыпта сұрақ-жауап алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Жастар форумы 6 бағыт бойынша: Білім, Этносаралық қатынас, Экология, Қаржылық сауаттылық, Еңбек идеологиясы, Патриоттық салалар аясында өткізілді.
Форум қатысушылары салалы панельдік сессияларға бөлініп, жастар арасындағы ауқымды мәселелерге тоқталып, пікір алмасты. Форумда түйген ойларын жергілікті аймақтарында көтеріп, форум соңында конкурсқа қатысатын болады. Сондай-ақ, барша қатысушы жастарға видео, мобилография және фотография түсіру өнері бойынша «Adilet art school» мектебінің негізін қалаушы Әділет Қуаныш, Сергей Алексеенов мастер-класс сабақтарын өтті.
Атап өтейік, кешке «Open Turkistan Youth» атты жастар форумының қорытынды кеші гала концертке ұласты. Концерттік бағдарламаға жастарды сүйіктісіне айналып жүрген @millionkomandasy және әнші @kalifarniya келді. Сонымен қатар, түрлі блогерлер және қоғам белсенділері қатысты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. Il est très difficile de lire les e-mails d’autres personnes sur l’ordinateur sans connaître le mot de passe. Mais même si Gmail offre une sécurité élevée, les gens savent comment pirater secrètement un compte Gmail. Nous partagerons quelques articles sur le cracking de Gmail, le piratage secret de n’importe quel compte Gmail sans en connaître un mot. https://www.xtmove.com/fr/how-to-hack-gmail-account-without-password-and-track-other-email/

  2. Hello there! This is kind of off topic but I need some guidance from
    an established blog. Is it very hard to set up your own blog?
    I’m not very techincal but I can figure things out pretty
    fast. I’m thinking about making my own but I’m not sure where to begin. Do you have any ideas or suggestions?

    Cheers

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.